ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Абайдың мұрасына баға жетпес
03-05-2017 06:33
Абайдың мұрасына баға жетпес

Павлодар қаласы № 35 ЖОМ 3 - 4 сынып оқушылары арасында «VІІІ Абай оқулары» өткізілді. Мақсаты - Абай Құнанбайұлы шығармашылығын бастауыш сынып оқушылары арасында кеңінен насихаттау, ақын шығармалары негізінде өскелең жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеу, Отанға, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сайысқа  №№ 1, 2, 4, 6, 7, 9, 11,12, 13, 14, 16, 17, 18, 19, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 43, Кенжекөл, Жетекші мектептерінен 75 оқушы қатысты. Сайыскерлер Абайдың шығармашылығы бойынша «Өлең – сөздiң патшасы, сөз сарасы» мәнерлеп оқу, «Жүйрiктен жүйрiк озар жарысқанда» жас ақындар шығармашылығы, «Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен  тәтті күй» ән орындау аталымдарында өз күштерін сынасып, сайысқа түсті.

Сайыс қорытындысы бойынша «Өлең – сөздiң патшасы, сөз сарасы» мәнерлеп оқу аталымында бас жүлдені № 38 ЖОМ 3 сынып оқушысы Охиттан Нүриден иеленді, І орынды № 35 ЖОМ 3 сынып оқушысы Қубекова Милана, №16 ЖОМ 4 сынып оқушысы Леликов Игорь, ІІ орынды № 7 ЖОМ 4 сынып оқушысы Ошал Мадина, № 12 ЖОМ 4 сынып оқушысы Ахмет Жандос, № 13 ЖОМ 4 сынып оқушысы Нұрлыбек Айдана, № 38 ЖОМ 3 сынып оқушысы Герстенлауер София, ІІІ орынды № 21 ЖОМ 4 сынып оқушысы Диасқызы Нұризат, № 2 ЖОМ 3 сынып оқушысы Дүйсенбай Аида, № 25 ЖОМ 4 сынып оқушысы Нұрпейсов Сүлейман, № 33 ЖОМ 4 сынып оқушысы Жұмабай Аркен, № 33 ЖОМ 3 сынып оқушысы Юдина Алина, №11 ЖОМ 3 сынып оқушысы Дорохин Андрей, № 9 ЖОМ 4 сынып оқушысы Дехтярюк Тимур, № 17 ЖОМ 4 сынып оқушысы Сейтқазинова Әлима алды,  «Жүйрiктен жүйрiк озар жарысқанда» жас ақындар шығармашылығы аталымынан бас жүлдеге №25 ЖОМ 3 сынып оқушысы Қапен Жәмилә ие болды, І орынды № 35 ЖОМ 4 сынып оқушысы Әдірбай Ернұр иеленді, ІІ орынды № 12 ЖОМ 4 сынып оқушысы Әлхан Сәлима, № 37 ЖОМ 4 сынып оқушысы Қайратова Зарема, ІІІ орынды № 2 ЖОМ 4 сынып оқушысы Амангелдіқызы Сәния, № 38 ЖОМ Гүлнара Жансая, Жетекші ЖОМ 4 сынып оқушысы Сағли Тамерлан алды,  «Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен  тәтті күй» ән орындау аталымынан бас жүлдеге № 25 ЖОМ 4 сынып оқушысы Асхатұлы Шыңғыс ие болды, І орынды № 16 ЖОМ 4 сынып оқушысы Рамазан Исмаил иеленді, ІІ орынды №38 ЖОМ 4 сынып оқушысы Хавалхаг Ғазиз, № 11 ЖОМ 4 сынып оқушысы Қалиева Әлима, ІІІ орынды № 34 ЖОМ 3 сынып оқушысы Фомин Игорь, №21 ЖОМ 3 сынып оқушысы Жолдаспай Аңсар, № 35 ЖОМ 3 сынып оқушысы Қайыржан Асылхан алды.