Бес Павлодар қаласы жалпы орта мектептерінің басшылары мен білім беру бөлімінің мамандары облыстық білім қызметкерлерінің делегациясымен жауаптық жұмыс сапарымен Қарағанды қаласына барып қайтты.
2017 жылдың 11 - 12 мамыр күндері жұмыс барысында Қарағанды облысының білім басқармасы павлодарлық делегацияға мамандандырылған мектеп-интернаттарының, мектепке дейінгі мекемелерінің, жалпы орта мектептерінің, колледждердің жұмыс тәжірибелерімен алмасты. 8 білім мекемелеріне сапар барысында мамандандырылған мектептердің «Сарыарқа дарыны» Аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығымен бірлесіп, инновациялық технологияларды, робототехника еңгізу бойынша бірлескен жұмыстары жүргізілетіндігін көрсетті. Мектепке дейінгі мекемелерде жеке серіктестіктерді еңгізу жұмыстары көрсетілді. Жалпы орта мектептерде Bilimal.kz платформасында электрондық журналдарды еңгізу жүйесі қолға алынған, ауылдық мектептерде шағын жинақтық мектептерге көмек көрсету үшін тірек ресурстық орталықтары қызмет атқарады. Колледждерде техникалық-құрылыс мамандықтары бойынша инклюзивті оқыту формасының жобалары таныстырылды, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға мамандық алу үшін жасалынған жағдайлар көрсетілді.
Делегация Қарағанды лагерінің территориясында орналасқан саяси репрессиясының жазықсыз құрбандарын еске алу мақсатында құрылған Долинка кентіндегі мұражайға барып қайтты.