Павлодар қаласының білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің жас директоры Мектебінің отырысы № 39 ЖОМ өткізілді. Отырыста мектеп директоры Е. И Булгакова білім беру мазмұнын жаңарту бойынша «Педагогикалық ынтымақтастық - мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіруді ұйымдастыру тәсілі ретінде» әдістемелік жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Әдістемелік күн аясында АҚ ПКҰО «Өрлеу» республикалық филиал басшысы Л. В. Рыжкованың басшылығымен, Гете-институты тіл орталығының ассистенті Вера Стецчин, «Новое поколение» ТБО әдіскері Л. В. Фонакова, НЗМ мұғалімдері Н. К. Ахметжанова, У. И. Суханинская секілді қызметкерлердің қатысуымен «Мектеп жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Содан серіктестер № 39, № 9 мектеп мұғалімдері мен жас мектеп басшыларына секциялар жүргізді. Әдістемелік күн сертификатталған мұғалімдері зерттеу тақырыптары бойынша постерлерін қорғап, қонақтарға арналған мектеп бойынша экскурсиямен аяқталды. Осындай отырыстардың тәжірибелік маңызы - пилотты эксперименталды мектептерден практикалық тәжірибе жинақтап, жас басшылардың білімдерін толықтыру. Алдағы уақытта туындаған мәселелер және оларды шешу жолдары, тәжірибемен алмасу жұмыстары тамыз педагогикалық оқуларда мектеп басшыларының секциясында өз жалғасын табады.