Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Оқу жылының соңғы қоңырауы
25-05-2017 10:48
Оқу жылының соңғы қоңырауы

2017 жылғы 25 мамырда Павлодар қаласының 43 жалпы орта мектептерінде Соңғы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты іс-шаралар өтті. Соңғы қоңырау қала мектептерінің 1039 түлегі мен 9-шы сыныптың 2648 түлегіне соғылды.

Мерекелік іс-шараларға Павлодар қаласы білім беру бөлімінің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, педагогикалық еңбек ардагерлері, құрметті азаматтар және БАҚ өкілдері қатысты. № 39 ЖОМ өткен салтанатты шараға Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Б. А. Ақылбеков қатысты, ол қала әкімінің атынан мектепке компьютер сыныбын ашуға 1650,0 мың теңге сомасына сертифакат табыстады. Мереке қатысушылары № 39 мектебінің түлегі И. С. Теренченко - «Нұр Отан» облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары, қалалық мәжілісінің дипутаты, В. А. Руф Павлодар облысы «Жаңару» немістер қоғамдық бірлестігінің төрағасы, мектеп демеушісі. «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында И. С. Тереченко мектепке музыка кабинетін қайта құру жобасын табыстады.

9-шы және 11-ші сынып түлектерін алда мемлекеттік емтихандар күтуде. 20 маусым мен 1 шілде аралығында ҰБТ-ны 705 түлек тапсырады деп жоспарлануда.