Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ту топтарының қалалық байқауы
31-05-2017 05:29
Ту топтарының қалалық байқауы

Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 25-жылдығы шеңберінде 2017 жылы 30 мамырда Даңқ ескерткішінде Жеңіс алаңында «Равнение на флаг» жалаулар тобының 9 қалалық байқауы өтті. Мақсаты - азаматтық және патриоттық борышын тәрбиелеу, еліміздің тарихына, Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздеріне ұқыпты және құрметті көзқарасын қалыптастыру. Байқауға 76 жанкүйелер 9 - 10 сыныптың 67 оқушықұрамындағы Павлодар қаласы жалпы білім беру мектептерінің  25 жалаулар тобы қатысты.

Әділқазы құрамында Аленов Темірболат Мұсабекұлы, облыстық білім беру басқармасы АӘД және дене шынықтыру бойынша аймақтық оқу-практикалық орталығы басшысының орынбасары, Кокумбаев Төлеген ЖамитұлыАуған ардагерлері төрағасының орынбасарыжәнеПавлодар қаласы және облысының  басқа жергілікті әскер Дедаханов Рахымжан,Мустафин Оразбай Жасауұлы ауған соғысының ардагерлері, Павлодар қаласы білім беру бөлімі, «Жас отан» ЖҚөкілдері. Байқау қатысушылары менталдық картаны қорғау,шығармашылық тұсау кесер және туған өлкенің тарихын және мемлекеттік рәміздер білімі бойынша саптық дайындығы бойынша бағаланды. Байқау қорытындысы бойынша гран-при № 21 ЖОМ жалаулар тобы, I орын - № 25 ЖОМ жалаулар тобы, II орын - № 29 ЖОМ жалаулар тобы, III орын № 35 ЖОМ жалаулар тобы иеленді. Жеңімпаздар Павлодар қаласы білім беру бөлімінің грамоталарымен, «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және дарындылығын дамыту орталығының естелік сыйлықтары және ауыспалы кубогымен марапатталды.