Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Халықаралық балаларды қорғау күні
01-06-2017 09:11
Халықаралық балаларды қорғау күні

1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күні, Павлодар қаласындағы 10 мектебінің 1000 оқушысы денені баурап әкететін музыкалық композициясының сүйемелдеуімен, мерекелі әрі қызықты костюмдерін киіп,  музыкалық ансамблімен және оркестрімен шеруге шықты. Олар:  мажореткалар, барабаншылар, черлидерлер, қазақ ұлттық жыне орыс халқының ұлттық киімін киген балалар - бұл салтанатты, көркем, ауқымды  іс-шара болып табылады. Заманауи мажореткалар - бұл өзінше ерекшелігі, құпиясы, актерлік шеберлігі бар  хореография жанры. Хореографияның бұл түрі қазіргі таңда жасөспірімдер мен жастардың арасында үлкен қызығушылық танытып отыр, сондықтан қалалық шеруге мажореткалар маршы енгізілді. Мажореткалардың киім үлгісі гусар костюмы мен полк оркестрінің 19 ғасырдағы киім үлгілерін қайталады. Костюм құрамына доломан-мундир, сұлтан кивері, баулар, етік және тағы басқа көрнекілік құралдар кірді.

«Бүлдіршін» атты облыс байқауының лауреаты қатарынан мектепке дейінгі ұйымның 350 тәрбиенушілері Орталық алаңда «Балдаурен балалық шақ» атты концерттік бағдарламаға қатысты. 43 жалпы орта білім беру мектептерінде және мектептен тыс мекемелерде «Балдаурен балалық шақ» атты мерекелі іс-шаралар, көрініс бағдарламалары, асфальтта сурет салу жарысы, сауық байқаулары мен зияткерлік ойындар, шахмат бойынша турнирлер өтті. Спорт алаңдарында спорт ойындары, қызықты старттар, футболдан, волеболдан турнирлер өтті. Алып қуыршақтардың қатысуымен «Мы детит, твои Казахстан» атты флеш-мабы ұсынылды. Ертегі кейіпкерлердің қатысуымен қаланың шағын ауданындағы 17 клубтарында спорттық-сауықтыру іс-шаралар өткізілді. № 21, 26, 27 ЖОМ-да күрделі өмір жағдайына тап болған балалар үшін «Все дети любимы, все дети равны» атты қайырымдылық науқаны ұйымдастырылды. 2000-нан аса оқушылар тарапынан Абусеитов атындағы МСО-да, Ш.Айманов және Ж. Аймаутов атындағы кинотеатрларда мультфильмдер тамашаланды. Балаларға арналған мереке қарсаңында «Қоғамдық келісім» ҚММ-да дарынды балалрмен кезедсу өтті.

Балаларды қорғау күні - бұл тек балаларға ғана арналған мереке емес, сонымен қатар бұл, барша баланың бақытты болып өсуі, оқуы, сүйікті ісімен айналысып және де болашақта керемет ата-ана, өз елінің азаматы болуы үшін, баланың құқығын қорғау керектігі туралы қоғамның есіне түсіру болып табылады. 1 маусым - жазғы демалыстың басы. Осы күні «Жайдарлы Жаз - 2017» атты жазғы компанияның шеңберінде қаланың жалпы орта білім беру мектептерінде және мектептен тыс мекемелерде мектеп жанындағы және бейіндік лагерьдің салтанатты ашылуы өтті, онда 20 000-нан аса оқушы демалып және қамтылатын болады.