Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жазғы кемпірқосақ
02-06-2017 05:41
Жазғы кемпірқосақ

Балаларды қорғау күнінде Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінде қызықты және танымды шаралар өткізілді. Мектеп оқушылары «Жазғы кемпірқосақ» асфальтқа сурет салу конкурсына белсенді қатысып, өз қиялын көрсету, қатысушыларды армандарды бейнелейтін суреттермен таң қалдыру мүмкіндігіне ие болды. «Ертегі кейіпкерін тап» викторинасында қызықты сұрақтар, ребустар, сөзжұмбақтарды шешті. «Сабын көпіршіктерінің шоуы» ойын-сауық бағдарламасында үлкен плакаттарға түсті көпіршіктерді үрлеу арқылы өздерінің керемет, жазғы көңіл-күйін суреттеді.

Қызықты балалық шақ мерекесі «Оранжевое настроение» музыкалық әуенімен аяқталды. Милана Айтуганова «Какого цвета лето», София Пасечник «По лужам», Амина Кусаинова «Лети лепесток», Амина Кулбаева «Вприпрыжку», Артем Ляхов «Рождается новый день» әндерін шырқады. Некрасов Дмитрий М. Невиннің «Непрерывное буги» пьесасын ерекше орындады. Пианистер, саксофоншылар және қазақ халық аспаптары ансамбльдерінің орындауындағы әсерлі нөмірлер балалық шақ мерекесіне қатысушылардың көңілін көтеріп, ерекше күш-қуат және жақсы көңіл-күй сыйлады.