Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ертегілер еліне саяхат
02-06-2017 11:42
Ертегілер еліне саяхат

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» балалардың дарындылығын дамыту және бос уақытын қамту орталығы Халықаралық балаларды қорғау күнінде «Ертегілер еліне саяхат» театралдық-музыкалық көрініс өткізді. Көрініс қалалық ойын - сауық  орталығының орталық  жағажай сахнасында өтті. Павлодар қаласының 1000 аса балалары қатысты.

Театралдық-музыкалық бағдарламада қатысушылар түлкі Алиса мен Базилио мысығы ертегі кейіпкерлерімен «Пойыз», «Балықтар», «Айдаһар» қызықты, көңілді ойындарын ойнады. Шарлармен сайыс, «Ералаш», «Түймедақ» сайыстары, зияткерлік сайыстар, викториналар өте қызықты өтті.

Балалар флешмоб биледі, өлең айтты, өздерінің қуанышты  көңіл - күйлерін асфальтта бормен сурет салу арқылы бейнеледі, әсіресе сайқымазақтың салтанатты көрінісі балалардың естерінде қалды. Балалар тек жақсы демалған жоқ, сонымен қатар жаңа достар тапты және өткізілген мерекеден көп әсер алды.