Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Менің елімнің рәміздері
05-06-2017 08:32
Менің елімнің рәміздері

Қазақстан Республикасы рәміздердің 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде мектептерде және мектептен тыс мекемелерде іс-шаралар өткізілді. Мақсаты - патриоттықты, жоғары азаматтықты, сабақтастықтытәрбиелеу, қоғамның рухани бірлігін нығайту.

2017 жылғы 2 мен 6 маусым аралығында мектеп жанындағы және бейіндік лагерьлерде «Қазақстан Республикасы рәміздері - әділдік пен мейірімділіктің белгісі» атты слайдты ұсынумен салтанатты жиын өткізілді. Оқушылар «Менің елімнің рәміздері» интеллектуалды викторинасына қатысып, өздерінің рәміздер саласындағы білімдерін ортаға салды. Гимнді үздік орындау байқауына, «Қазақстан - менің Отаным» атты оқырмандар байқауына, «Менің елім-менің байлығым» атты асфальтта сурет салу байқауына белсене қатысты. Бейіндік жасақ лагерьдің оқушыларымен ХДП «Нұр Отан» өкілдерінің қатысуымен «Біз - Қазақстанның болашағын таңдаймыз» атты дөңгелек үстелі өткізілді.

Павлодар қаласы Балаларға арналған көркем мектептерінде «Елдігімнің белгісі!» атты суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Құрманғазы атындағы № 1 Балаларға арналған музыкалық мектепте «Киелі Отан» атты Патриоттық өлеңдер фестивалітындармандарға ұсынылды. Мектептің және аула клубтардың спорт алаңдарында спорттық жарыстар, футбол және волейбол бойынша турнирлер өткізілді. № 7, 13, 26 ЖОМ-ның мектеп ауласында тамаша «Сүйем сені, Қазақстан!» атты флешмоб өтті.

«Павлодар дарыны» балалардың бос уақытын ұйымдастыру және дарынды балаларды дамыту орталығымен 2017 жылғы 2 маусымда Орталық алаңда «Көк байрағым» асфальт бетіне сурет салу байқауы өткізілді. Конкурсқа № 1, 4, 7, 11, 12, 13, 14, 22,23, 25, 26, 27, 28, 29, 32, 33, 35, 36, 39, 43, Кенжекөл ЖОМ мектептерінен 200-дей бала қатысты. Қатысушылар өз шығармаларын таныстырып, туған ел байлығын, дархандығын кеңінен таныстыра білді. 4 маусым жалпы қалалық шараларға 500 аса оқушы қатысты.