Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Мемлекеттік тілдегі ең үздік сайт» байқауының қорытындысы
06-06-2017 05:51
«Мемлекеттік тілдегі ең үздік сайт» байқауының қорытындысы

«Мемлекеттік тілдегі білім беру ұйымының үздік сайты» бағыты бойынша  «Мемлекеттік тілдегі ең үздік сайт парақшасы» бағытында І орынды Павлодар қаласының № 20 лицей-мектебінің сайты, ІІІ орынды Б. Момышұлы атындағы № 22 ЖОМ сайты иеленді. Павлодар қаласының № 29 сәбилер бақшасы «Ең мазмұнды сайт» номинациясында Тілдерді дамыту бойынша басқарма грамотасымен және кітаптарымен мадақталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық білім беру басқармасының дипломдарымен және құнды сыйлықтарымен марапатталды.

Байқау 2017 жылғы 5 маусым күні Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында өткізілді. Мақсаты - мемлекеттiк тілдегі бiлiм беру Web-ресурстарының толық масштабты жұмыс жасауын қамтамасыз етуге мүмкiндiк туғызу, мемлекеттiк тiлдi дамыту басымдылығын нығайту болып табылады. Байқау облыстық білім беру басқармасымен, тілдерді дамыту жөніндегі басқарма және облыстық ақпараттық технологиялар орталығымен ұйымдастырылды. Байқаудың ақтық кезеңіне облыстың білім беру ұйымдарының 37 web-ресурсы қатысты.