Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыстық «Ту ұстаушылар» атты сайыс қорытындысы
06-06-2017 08:37
Облыстық «Ту ұстаушылар» атты сайыс қорытындысы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздерінің 25-жылдығына арналған «Ту ұстаушылар» облыстық конкурс қорытындысы бойынша І орынды № 21 ЖОМ, ІІ орынды № 25 ЖОМ иеленді. № 21 мектептің құрамасында 10-шы сынып оқушылары Чечушкова Владислава, Дюбко Елизавета,Булежанова Алия, № 25 ЖОМ-ның құрамасының атынан Социал Ансат, Кайыржан Аян, Орынгалиев Кайрат қатысты.

№ 21, 25 ЖОМ-ның Ту ұстаушылар командалары мамыр айында өткен «Туға қарап сап түзе» қалалық байқауының жеңімпаздары. № 21 ЖОМ-ның «Атамекен қыздары» командасы құрамында тек қыздар бар жалғыз қатысушы болды. Қыздар бозбалалармен бір қатарға тұрып, саптық, оқ ату сайысында олардан кем түспеді.

Байқау 2017 жылғы 2 маусым күні Даңқ ескерткішінде Жеңіс алаңында  өтті. Қазылар алқасының құрамында облыстық білім беру басқармасының дене тәрбиесі және АӘД бойынша өңірлік оқу-практикалық орталығы басшысының орынбасары Темірболат Мұсабекұлы Аленов пен «Жас Отан» ЖҚ өкілдері болды. Байқауға қала, аудандардағы жалпы білім беру мектептерінің 9 - 10 сынып оқушыларынан құралған құрамында 48  оқушы бар 16 команда қатысты.