Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Спорт туризмнің мектепте дамуы
06-06-2017 11:42
Спорт туризмнің мектепте дамуы

Көпкүрес тау туризмі бойынша облыс чемпионатына Павлодар қаласы № 41 дене шынықтыру-сауықтыру бағытындағы ЖОМ-ның туристік «Эдельвейс» клубының 2 командасы қатысты. Командалар 8 - 15 жас аралықтағы 3 жас санатында 3 - 9 сыныптардың 16 оқушысы құрамында шықты.

11 жасқа дейінгі санатты жарысының қорытындысы бойынша техникалық қашықтық пен жеке командалық қашықтықта І жалпы командалық орынды «Эдельвейс - 1», II жалпы командалық орынды - «Эдельвейс - 2» командасының оқушылары иеледі.

12 - 13 жас аралықтағы санатында жеке командалық қашықтықта «Эдельвейс» II орынға ие болды және жалпы командалық біріншілікте III орынды құрамда Лукашин Данил, Карле Милана, Панфильцев Максим, Литовченко Денис иеленді. 14 - 15 жас аралықтағы санатында жеке командалық қашықтықта «Эдельвейс» II орынға ие болды және жалпы командалық біріншілікте III орынды иеленді, құрамда Анрусенко Иван, Бояринова София, Рязанов Данил. Көпкүрес тау туризмі бойынша Екібастұз қаласының «ЗЮВС» турклубының сыйлығына 14 - 15 жас аралықтағы санатында «Эдельвейс» командасы IІI орынға ие болды. 11 жасқа дейінгі санатында команда атаулы кубокпен марапатталды. Командалардың жетекшілері Лаврентьева Оксана Анатольевна, Баженова Ольга Владимировна, Аюпов Аман Серикович, мектептің дене тәрбиесі мұғалімдері.

Мектептің туристік «Эдельвейс» клубы 2003 жылдан бастап жұмыс атқарады, клубта 3 - 10 сыныптардың 100-ден астам оқушылары қамтылған. Клубтың бағдарламасында спорттық-туристтік бағдарлау, тау және жаяу туризмы, тасқа өрмелеу бойынша сабақтар жүргізіледі. Клубтың қатысушылары 2017 жылдың көпкүрес туризмі, «Снежинка - 2017» шаңғы туризмі бойынша облыс чемпиондары болып табылады.

Халықаралық ЭКСПО - 2017 көрмесіне арналған облыс чемпионаты 2017 жылғы 26 - 28 мамыр аралығында Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының «Баянауыл» турбазасында ұйымдастырылды. Жарыстар техникалық, командалық және жеке-командалық қашықтықта өтті. Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларының 27 командасы қатысты.