Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Романстың еліктірер әуені
07-06-2017 03:26
Романстың еліктірер әуені

Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінде 2017 жылғы 5 маусымда орыс романсының әлеміне қызықты саяхат өтті. Мектепке № 34, 28 ЖОМ-ның мектеп жанындағы лагерьлерінен 153 оқушы қонаққа келді.

Зал сахнасында мектеп педагогтары мен оқушылары, Дмитрий Станиславович Масленников (фортепиано) және Гагарина Ольга Владимировна (скрипка) дуэтте өнер көрсетті. Олардың орындауында Сен-Санстың керемет туындысы «Романс» шырқалды. «Очи черные» атты орыс романсының тақырыбында Олег Михайлович Михайленко (баян) вариацияларды орындады. Педагог Наталья Дмитриевна Якшова рояльдің ерекше әуезімен А. Рубинштейннің «Ночь» романсын орындап бәріне қуаныш сезімін сыйлады. Тыңдаушылар гитаристтерді, мектеп педагогтары Иван Вячеславович Кузякинді және Евгений Николаевич Сазоновты ерекше қошеметпен қарсы алды, олар Н.Харитоның «Отцвели, уж давно хризантемы в саду» романсын орындады. Вокалды бөлімнің оқушылары Екатерина Шушункова, Дарья Лосева, Виктория Коновалова, Роман Новосельцев, Полина Петрованың өнер көрсетуі өте әдемі және есте қаларлықтай болды.Олардың орындауында «В горнице моей светло», «Ямщик, не гони лошадей», «Я танцевать хочу», «Ах, Самара городок» романстары шырқалды.

«Бүгін шырқалған романстар әрбір тыңдарманның жанына жақын ерекше, мейірімді, нәзік және жарқын сезім сыйлағанын атап өткім келеді», - дейді мектеп басшысы Ольга Леонидовна Бобровская.