Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Графикадағы сүйікті қала
08-06-2017 03:22
Графикадағы сүйікті қала

 

Павлодар қаласының № 2 балалар көркем өнер мектебі «Павлодардың сүйікті жерлері», «Ескі және жаңа қала» атты графикадан VI қалалық сайысын өткізді. Сайыста 12 ден 18 жас аралығындағы  көркем өнер мектебінің 25 оқушысы қатысып, әртүрлі графикалық техникадан жасалынған 38 жұмыс ұсынды. Бұл академиялық суреттер, акварель мен гратаж және гелийлік қаламмен салынған суреттер.

I орынды аралас техникамен салынған «Өлкетану мұражайы» жұмысы үшін № 2 балалар көркем өнер мектебінен оқушылары Виолетта Молчанова, 13 жас, жетекшісі Наталья Васильевна Герусова, акварельмен салынған «Павлодар этюды» жұмысы үшін Юля Блок, 14 жас, жетекшісі Анжела Николаевна Бамбуляк иеленді.

II орынды аралас техникамен салынған «Мұражай» жұмысы үшін Есения Косенкова, 13 жас, жетекшісі Татьяна Васильевна Ахметжанова № 2 балалар көркем өнер мектебінің оқушысы, акварельмен салынған «Мешітке көрініс» жұмысы үшін - Зарина Абдрахманова иеленді, 15 жас, жетекшісі Анжела Николаевна Бамбуляк № 2 балалар көркем өнер мектебінің оқушысы.

III орынды гелийлік қаламмен салынған «Аэропорт» атты жұмысы үшін Алена Павлюк, 13 жас, жетекшісі Татьяна Васильевна Ахметжанова № 2 балалар көркем өнер мектебінің оқушысы, гелийлік қаламмен салынған «Болашақ қала» атты жұмысы үшін - Алина Челайдюк иеленді, 14 жас, жетекшісі Наталья Ивановна Шахова № 1 балалар көркем өнер мектебінің оқушысы. Жүлдегерлер мен жеңімпаздарға сыйлық пен мадақтамалар табысталды.

Тақырыпты тамаша шешкені үшін № 2 балалар көркем өнер мектебінің оқушылары Расул Амри, Даша Едина, Глеб Граков, Даниил Юминов, № 2 балалар көркем өнер мектебінің оқушылары Маргарита Узканова, Игорь Бережной, Ира Мастерова, Алия Жумагалиева, Надя Илькаева сыйлықтар мен мадақтамалармен марапатталды.