ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Мектепке дейінгі мекеме басшыларымен кеңес
09-06-2017 09:34
Мектепке дейінгі мекеме басшыларымен кеңес

2017 жылғы 9 маусым № 39 ЖОМ-да Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы Г. Ш. Қадырбаева қаланың мектепке дейінгі мекеме басшыларымен кеңес өткізді. Кеңесте мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбие мен оқыту жағдайының кешенді мониторинг қорытындысы және балабақшадағы тамақтану жағдайы туралы сұрақтар қаралды. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қазақ тілін оқыту сапасы, тілдерді қалыптастыру және дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын орындау туралы есептер тыңдалды.

Кеңес қорытындысы бойынша білім беру бөлімінің басшысы тамақтануды бекітілген санитарлық ережелер мен нормаларға сай ұйымдастыру, «Мектепке дейінгі білім беру мекемесіне балалардың құжаттарын қабылдау» мемлекеттік қызметі бойынша құжаттарды жүргізуді басшылыққа алу жөнінде тапсырма берді.

Жинақтаушы ведомость, тәуліктік тамақтану нормасын орындауды есептеу, мектеп жасына дейінгі балалардың құзыреттілігін дамытуды басты назарға алу бойынша ұсыныстар берілді.