Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Жастолқын - 2017» бітіру кеші
12-06-2017 05:33
«Жастолқын - 2017» бітіру кеші

2017 жылғы 10 маусымда Павлодар қаласының 37 жалпы орта мектептерінде түлектер кеші өтті. 1039 түлек орта білім туралы аттестатын, оның ішінде 29 түлек «Алтын белгі» төс белгі иегерлері, 27 - үздік аттестат алды.

Павлодар қаласы мектептерінің түлектерін «Жас толқын - 2017» салтанатты түрде құттықтау Орталық стадионда өтті. Облыс әкімі Болат Жұмабекұлы Бақауов барлық түлектерді салтанатты түрде құттықтады және Павлодар қаласы мектептерінің түлектеріне аттестат пен «Алтын белгі» белгісін, ноутбуктар табыс етті.

Павлодар қаласының жалпы орта және мамандандырылған мектеп түлектері үшін жарқын шоу көрсетілді. Түлектер мен мұғалімдерге сыйлық ретінде қазақстандық эстрада жұлдыздарының өнерлері, «Жас қанат - 2017» жас таланттар байқауының жеңімпазы Мадияр Бахтияров «Нұр» би ұжымымен, Ардақ Алекешев, Қайрат Нұртас, Әлішер Каримов, «В кураже» тобы сияқты отандық танымал орындаушылар өнерлерін көрсетті. Мерекенің ерекше әшекейі ретінде «Жас толқын» және EXPO жазулары бар банермен безендірілген әуе шарлары болды.

Кештілектер жазылған шарларды ұшыру және мерекелік отшашумен аяқталды.