Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Туған мектептің әуені
13-06-2017 05:49
Туған мектептің әуені

Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінде 2017 жылғы 9 маусымда бітіру кеші өтті. Бітірушілер саны 6 мамандық: вокал, орыс аспаптары, фортепиано, қазақ ұлттық аспаптары, шекті және ұрмалы-үрмелі аспаптар бойынша 56 оқушыны құрайды. Бітірушілер қатарында Халықаралық «Музыка весны» конкурс-фестивалі 2017 жылы - Қайролла Ерқанат, I орын, Жеңіс Сайя және Сүлейменова Айсана, II орын, Сахиева Дариға, III орын, «Рiano style - 2017» күйсандықта ойнаушылардың IV халықаралық конкурсы - Куршакова Ирина, II орын, Рудишева Диана, III орын, жас музыканттардың 50 республикалық конкурсы  Рудишева Диана, I орын, Куршакова Ирина, II орын лауреаттары бар.

Концерт залына кіре бергенде мерекелік атмосфераны аңғаруға болады: көптеген шарлар, гүлдер, кедергісіз «Мектеп вальсінің» әуені. Ер балалар смокинг киген, ал кең етекті ерекше әдемі көйлектер киген  қыз балалар ерекше қызығушылық танытып, қабырға газеттерін қарап, мектепте оқыған жылдарын еске түсіргендей. Салтанатты кеш мерекелік құттықтаулардан басталды: мектеп басшысы Ольга Леонидовна Бобровская бітірушілерге жаңа шығармашылық жеңістер мен ақ жол тіледі. Кеш бойы педагогтарға, алғыс сөздер жаудырып, мектеп бітірушілерінің орындауларында шын жүректерінен және жылулыққа толы мерекелік құттықтаулар айтылып жатты. Көрермендердің ду қол шапалағымен мектеп педагогтары Иван Вячеславович Кузякин мен Евгения Михайловна Лысованың өнерлерін қарсы алды. Мерекелік кештің екінші бөлігінде бітірушілер көрермендер назарына заманауи музыкалық шоу ұсынды. Бітірушілердің әрқайсысы өзін жаңа тарапынан көрсетіп, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік алды. Барлық көрермендер үшін мектеп педагогтарының тілектері жазылған бейнефильм тосын сый болды.