Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Білім беру мазмұнын жаңарту
13-06-2017 06:08
Білім беру мазмұнын жаңарту

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінде қалалық білім беру мекемелері мұғалімдерінің жазғы мектебі 7 жылдан астам жұмыс істейді. 2016 жылдан 1 сыныптарда білім беру мазмұнын жаңартудың бірінші кезеңі бастау алды, ал 2017 жылы қыркүйек айынан білім беру мазмұнын жаңартудың екінші кезеңі 5, 7 сыныптарда жүзеге асырылады. Мектептің «Білім беру мазмұнын жаңарту» кезекті сабағы № 43 ЖОМ  өтті. Оған Павлодар қ. білім беру бөлімінің әдіскерлері, білім беру мекемелерінің директор орынбасарлары, әдістемелік бірлестік жетекшілері қатысты.

Сабақтың бағдарламасы аясында  «1, 2, 3 - эксперименталды, 5, 7 сыныптарда білім беру мазмұнын жаңарту», «1 сыныптарда жиынтық бағалау. Модерация»,  «Қалыптастырушы бағалау» шеберлік сағаттары өткізілді. Қатысушылармен қалыпастырушы және жиынтық тапсырмаларды құрастыру мен оларды бағалау бойынша тәжірибелік материалдар қарастырылды. Модерация өткізу жүйесі, ұпайларды санау және оларды бағаға айналдыру жүйесі үйретілді.

         Жазғы мектептің модераторлары Павлодар облысы бойынша білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру АҚ «ПБАҰО»  филиалының тренері, педагогика  магистрі, аға оқытушы М. В. Подолец, № 33 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Л. А. Мухина оқыту мақсаттарына сәйкес бағалау критерийлерін анықтап, сабақтың мақсатын, тақырыптық - күнтізбелік жоспарды құрастыруда, оқытуды жоспарлау бойынша  мұғалімдермен  қиындық туғызатын мәселелерді талқылады.

    Қатысушыларға өздерінің  пәндік әдістемелік бірлестік отырыстарында ұқсас сабақтар өткізу үшін шеберлік сағаттардың материалдары таратылды.