Павлодар қаласы № 2 балалар көркем мектебінде мамырдың 31-нен маусымның 14-не дейінгі кезең аралығында бастауыш, даярлық, мектепке дейінгі сыныптың 300-ден астам оқушылары үшін және мектептің 1 - 5 сыныптары үшін жазғы тәжірибе-плэнер жүргізіледі. Пленэр, оқушылардың міндетті оқу бағдарламасына кіреді. Екінші маусым тамыздың 16-нан 31-не дейінгі кезең аралығында ұйымдастырылады.
Пленерлік тәжірибе қала пейзажін, көркем жерлердің сурет салу техникасын және акварельмен, гуашпен, майлы сырмен сурет салу үшін қалаға, табиғатқа шығуды көздейді. Пленэрлік тәжірибенің қорытындысы мектепте маусым айында өтетін көрме болып табылады. «Бұл оқушылардың табиғатпен байланыс табуға, табиғатты түсініп және оның әсемдігін қағазға салу, шабытпен бірге шедеврлерді туғызу оқушылар үшін жақсы кезең», - деп мектеп басшысы Герусова Наталья Васильевна айтты.
Әрі қарай маусымның 22-нен шілденің 7-не дейінгі кезең аралығында оқушылардың бейіндік тәжірибесі бойынша сабақтар жоспарланған. Шағын ауданынынң жанында тұратын балалар үшін бейіндік лагерьдің 2 маусымында сабақтар өткізілетін болады (3 - 15 шілде, 17 - 29 шілде). Шілде айынан бастап қаланың жалпы орта білім беру мектептерінде оқушылар үшін экскурсиялар, көрмелер, шебер-сыныптары ұйымдастырылатын болады.