ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«ЭКСПО - 2017» Халықаралық көрмесіне қатысу
14-06-2017 06:05
«ЭКСПО - 2017» Халықаралық көрмесіне қатысу

Аз қамтылған, көп балалы, жетім-балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, оқу озаттары тарапынан Павлодар қаласы жалпы орта білім беру мектептерінің 2874 оқушы ағымдағы жылы Астана қаласына «ЭКСПО - 2017» Халықаралық көрмесіне жолдама алды. Көрмеге тегін кіру, теміржол шығындары, Астана қаласы бойынша экскурсия, ұлттық мұражайға бару, үш реттік тамақтану, жол нұсқаушы мен медбике қызметі ұсынылған толық тур шілде-тамыз айларына ұйымдастырылды.

Сонымен бірге, мектептердің 4 - 11 сыныптардан 16 мың оқушысы көрмеге тегін билеттер алады. Олардың қатарында түрлі интеллектуалды конкурстардың, олимпиадалардың, көркемдік көрмелердің, қатысушылары мен жүлдегерлері, мектептің үздік спортшылары, оқу озаттары. Жалпы бюджеттен осы мақсатқа 75,0 млн. теңге бөлінді.

ЭКСПО - 2017 Халықаралық көрмесін алғашқылар болып Павлодар қаласының № 25 ЖОМ-ның 6 - 8 сыныптарынан 50 оқушы барды. Олардың қатарында оқу озаттары, аз қамтылған және көп балалы отбасы балалары. Оқушылармен бірге сынып жетекшілер де көрмеге қатысуда. Астана қаласына 13 маусымда келген оқушылар Бәйтеректе, одан кейін Африка, Қытай, Түркменістан, Өзбекістан елдерінің павильондарында болды. Олар аталмыш елдердің мәдениетімен, дәстүрімен, қолөнер туындыларымен, 3D кинотеатрымен танысты. «Кейбір оқушылар Астана қаласына алғаш рет келген. Осы сапардан көрген қызықтардан оқушылар  үлкен әсер алды», - деп атап өтті мектеп мұғалімі Манарбек Сүлеев.