ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Түлектер суретші мамандығын таңдады
20-06-2017 06:31
Түлектер суретші мамандығын таңдады

2017 жылдың 16 маусымында Павлодар қаласының № 2 балалар көркемсурет мектебінің 14 түлегі дипломдық жұмыстарын қорғады. Мектеп директоры Наталья Васильевна Герусова 19 маусым күні түлектерге дипломдарды салтанатты түрде табыстады. Олар бес жыл ішінде нағыз майталман суретшілерге айналды. Түлектер академиялық суретті, түрлі графикалық техниканы, акварельмен, гуашпен, майлы, акрилмен бояуды толық меңгерді. Олар қағаз бетінде түрлі материалдармен қайталанбас туындылар жасады. Әр түлек дипломдық жұмыс тақырыбы мен қолданатын техникасын өздігінен таңдады.

Анжела Николаевна Бамбуляктың жетекшілігімен түлек Зарина Абдрахманова майлы бояуменұлттық киімдегі бойжеткен портретін салды, Юлия Блок - «Үйге апарар жол» жанрлық композициясын майлы бояумен әрледі, Маргарита Узканова - акварельмен «Қысқы әсем көрініс», Данил Здор - компьютерлік графика техникасында «Студенттің космостық бөлмесі» интерьер дизайнының жобасын, Камилла Хуснатдинова компьютерлік графика техникасында «Алладиннің сиқырлы шамы» ертегісіне иллюстрация жасады. Татьяна Васильевна Ахметжанова Бауыржан Смаиловтың дипломдық жұмыс жетекшісі болды. Ол майлы бояумен Астана қаласының көрінісінде «Қаланың әсем көрінісі» жұмысын, Сәния Мукушова – «Жайлау тауының бөктерінде» ұлттық киімдегі биші қыз бейнесін майлы бояумен, Даша Гейзер - «Әжеге апарар жол» туындысын майлы бояумен, Глеб Граков  - қазақ эпосы бойынша триптих линогравюра жасады, Даниил Юминов - гелийлік қаламмен Қазақстан тарихы бойынша сюжетпен триптих, яғни үш бөлімдікөркем суретті композиция ұсынды. Ольга Ивановна Ловинаның жетекшілігімен екі түлек киіз басу технологиясында жұмыстар ұсынды. Вероника Сусликова «Жібек жолы» панно дайындаса, Ангелина Стажкова «Ғарыш» панносын жасады. Елена Ивановна Юминованың жетекшілігімен Надежда Илькаева матадан аппликация техникасында «Баянауыл» бейнесін, ал Азиза Иманкулова батик техникасында «Жүректегі әуен» жанрлық композициясын орындады. Әр жұмыс өздігінен ерекше, қайталанбас болып шықты.