ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
ЭКСПО музыканттар көзімен
20-06-2017 09:22
ЭКСПО музыканттар көзімен

Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінің педагогикалық ұжымы 2017 жылғы 16 маусымда 27 педагог санында Астана қаласындағы Халықаралық ЭКСПО - 2017 мамандандырылған көрмесіне барды. «Ақылды» технологиялар, күннің көзінен қуат алатын батарейлер және жел генераторларын қолдануды шығару үшін 5 павильонды мамандандырылған көрме орталығы сөзсіз таң қалдырды.

Педагогтар өз балаларымен «Энергия әлемі», «Менің болашақ энергиям» павильондарында рахаттана жүрді. Өскелең ұрпақты өз елін одан әрі дамытуға шақыратын «Нұр Әлем» ұлттық павильонын көрген кезде намыс сезімі оянды. Әлемдік масштабтағы форум үлкен инженерлік, ғылыми және адамгершілік әлеуетті бір жерге шоғырландырғаны таң қалдырды. Көптеген даңғылдар, бейнестендтер келушілерді қолжетімді қажетті аймаққа бағыттайды.

Көрме қызықты ақпараттық жобалар, шоу-бағдарламалар, концерттер, басқа да көптеген білім беретін және ойын-сауық іс-шараларына толы. Айтылған тақырыптар барлық әлемнің қауымдастығына өзекті. Кәріс, Израиль, Қытай, Германия, Ресей, Голандия, Австрия павильондары ерекше есте қалды. Сондықтан да, бүгінгі ЭКСПО - 2017 бұл саладағы ең соңғы әлемдік ғылыми әзірлемелер туралы білуге болатын жақсы мүмкіндік.