ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектеп ауласындағы жаңа футбол алаңы
21-06-2017 08:47
Мектеп ауласындағы жаңа футбол алаңы

2017 жылғы 19 маусымда  Павлодар қаласындағы №16 мектеп-лицейінің ауласында жасанды бүркеуден жасалған жаңа футбол алаңы салтанатты түрде ашылды. Аталмыш футбол алаңын салу үшін қалалық бюджеттен 14 млн теңге бөлінді. Мердігер ретінде «Дуэт» ЖШС болып табылды. Алаңның салтанатты ашылуына. Павлодардағы футбол клубтарының тәрбиеленушілері және «Ертіс» футбол клубының спорттық директоры Ойрат Садуов қатысып, жаңа алаңдағы алғашқы ойынын өткізді.

Енді алаңда жас спортшылардан басқа мектептің оқушылары да, Химқалашық ықшамауданының тұрғындары да шұғылданады. Әртүрлі жарыстардың жеңімпаздары, мектептің «Батыр» футбол командасына бұл үлкен сыйлық болып табылады. Осы жылы қалалық турнирдарда мектептің футбол командасы ІІ және бірнеше мәрте ІІІ орынға ие болды.

Мектептің спорттық мүкәммалды жаңарту және сатып алу үшін  жергілікті бюджеттен 1 млн. 270 мың теңге бөлінді. Мектеп бастауыш мектепке спорттық киім, доптар, спорттық төсеніш, шаңғы саймандарын және мүкәммалды сатып алды. Жылдың басында, сәуір айында мектеп спорттық мүкәммалды сатып алу үшін «Самрұқ-Қазынадан» 3 млн. теңгеге сертификат алған болатын. Заманауи спорттық нысанға 12 млн. теңге жұмсалды.

Жаңа нысандардан бөлек, жазғы демалыс басында жасанды бүркеуден тағы үш алаң ашылады деп жоспарлануда. Қаладағы № 21, 25 және 41 мектептердің аулаларындағы футбол алаңдарына жөндеу жұмыстары жүргізілді.