№ 79 сәбилер бақшасының тәрбиеленушілері мен педагогтары Павлодар облысының Ішкі істер департаментінің қызметшілерімен бірге «Абай болыңыздар, балалар» акциясын өткізді. 20 ересек топтың балалары арнайы формада жол полициясы көлігінде қала көшелерін аралап өтті. Мектепке дейінгі жастағы балалар ересек адамдарды жол жүру ережелерін сақтауға шақыртып, жаяу жүрушілер мен жүргізушілерге жол жүру ережелері, жолда қауіпсіз жүру туралы ақпараттар таратты. Сонымен қатар, олар облыстық балалар ауруханасының жарақаттану бөлмесінде жол апатына ұшырап, жарақат алған балаларға жолығып, оларға кітаптар мен ойыншықтар сыйлады.
Балабақша жетекшісі Кульмагамбетова Қунар Серікқызы Павлодар қаласының Ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары Арман Оразбайұлы Ашреновқа, полиция полковнигі Жанар Көкешқызы Беляловаға, Павлодар облысының Ішкі істер департаментінің аға инспекторы Серік Келдібекұлы Жұмашевқа бірлескен ынтымақтастық үшін алғысын білдірді.