Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Жазғы бояуларды іздеуде
29-06-2017 04:51
Жазғы бояуларды іздеуде

2017 жылдың 28 маусымында Павлодар қаласының № 45 сәбилер бақшасында жазғы бояулар фестивалі өтті. Іс-шараға 100-ден астам балалар мен олардың ата-аналар қатысты. Мақсаты - балалардың сезімталдық-еркін ортасын дамыту, түрлі материалдарды бояу мүмкіндіктері туралы түсініктерін кеңейту, қоршаған ортада жаңашылдықты танып білудегі шығармашылық ізденістері мен құлшынысын қалыптастыру.

Таңертеннен бастап балабақшада көтеріңкі көңіл-күй орнады, барлық қатысушылар ашық түсті костюмдерде болды, Аква-грим шеберлерібалалар мен ата-аналардың жүздеріне жарқыншағын өнерлерін салды. Балалар ертегі кейіпкерлерімен бірге қазақша, орысша, ағылшынша сөйлесе отырып, сумен эксперименттер өткізді, түрлі материалдардан пейзаждар салып, құм анимациясынрәсімдеп, жас суретшілерге «жоғалған» бояуларды табуға көмектесті. Мереке көңілді өтіп, балалар мен ата-аналар жағымды сезімдерге ие болды. Фестиваль түрлі-түсті түстердің сиқырлы отшашуыменжәне балаларға арналған тәтті сыйлықтармен аяқталды.