Павлодар қаласының Балалар техникалық мектебінің авиаконструкторлары «Ұлы дала елі» этнофестивальдерінің қонақтарына 9 тікұшақ модельдерін ұсынды.
Тікұшақ модельдерін әзірлеу үшін жас авиаконструкорларына 2 - 3 жыл кетеді. Модельдің әр авторы қосымша білім беру педагогтерімен сызбадан бастап, ұшуына дейін - кішкентай тікұшақтың пайда болуына қатысады. Соңғы кезеңі болып модельдерді сынау мен жоғарғы пилотажды өткізу болып табылады. Тікұшақ көшірмелері түпнұсқадан еш айырмашылығы жоқ.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тікұшақ модельдері этнофестиваль қонақтарында үлкен қызығушылық танытты, соның ішінде Ис-153 «Чайка». «Бұл көшірме тек бізде бар, қазіргі таңда аталған тікұшақ моделінің екеуі ғана қалған. Әрбір тікұшақта өзінің тарихы бар. «Арктика» К-28 тікұшағымен 1934 жылы батып жатқан «Челюскин» кемесінен 102 адамды құтқарды, сол үшін ұшқыштар Кеңес одағының батыры атағын алды», - деп атап өтті мектеп директоры Александр Николаевич Зозуля.