Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Педагогикалық марафонды өткізу туралы
21-08-2017 09:25

2017 жылғы тамыз айының 21-23 күндері Павлодар қаласының білім беру бөлімі «Қазақстанның жаңғыруы 3.0. – білімнің үлесі» атты ХІІ қалалық педагогикалық оқулар өткізеді.

Марафон Павлодар қаласының ИнЕУ, № 16, №14 мектеп және № 2, 6, 10, 21, 25, 30, 35, 50, 51, 96,126 сәбилер бақшалары базаларында өтеді. Марафон жұмысына 3000 астам қала мұғалімдері мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері қатысады.

Шараны өткізу барысында мектеп директорлары, директор орынбасарлары, әдіскерлер, мектеп, балабақша мұғалімдері үшін 60 - тан астам шебер сыныптары өткізіледі. Мектеп басшыларының өзекті диалогы өтеді, мектеп директорлары орынбасарларының әдістемелік идеяларының панорамасы ұсынылады, қаланың шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерінің шығармашылықпен атқарылған жұмыстары және инновациялық тәжірибелері тыңдалады.

74 секцияда оқу-тәрбиелеу процессін технологизациялау, мазмұнын жаңарту, білім беру сапасын басқару сұрақтары бойынша 412 баяндама тыңдалады. Білім беру бөлімінің мадақтамаларымен 180 үздік педагог марапатталады.

Секция жұмысында Инновациялық Еуразия Университетінің профессор-оқытушылары, мектеп директорларының орынбасарлары, әдіскерлер және шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер модераторлар болады.