ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
XII қалалық педагогикалық марафон
24-08-2017 04:48
XII қалалық педагогикалық марафон

Павлодар қаласы педагогтерінің тамыз кеңесі аясында 2017 жылы 21 – 23 тамыз аралығында Инновациялық Еуразия университетінде, №16, 14 ЖОМ, № 2, 6, 21, 35, 50, 51, 96, 126 балабақшаларында  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы - білімнің үлесі» XII қалалық педагогикалық марафоны өткізілді. Марафонға жалпы орта білім беру мектептерінің басшылары, директор  орынбасарлары, пән  мұғалімдері, қосымша білім беру педагогтері, тәрбиешілер, әдіскерлер, сынып жетекшілер, аға-тәлімгерлер, логопедтер, әлеуметтік  педагог, психологтер қатысты.

74 марафон секциясында білім мазмұнын жаңарту, оқу жетістіктерін критериалды  бағалау, оқу-тәрбиелеу процессін технологизациялау, іс-тәжірибе мен жаңашылдық , білім беру сапасын басқару сұрақтары бойынша 412 баяндама тыңдалды.

Диалог алаңдарында Инновациялық Еуразия Университетінің,  «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы  Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының профессор – оқытушыларының құрамынан, Педагогикалық шеберлік орталығы республикалық филиалының жаттықтырушыларынан секция модераторлары болды.

Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Педагогикалық альманах», «ИнЕУ жаршысы» жинақтарында жарияланатын,  білім беру бөлімінің мадақтамаларымен  марапатталған  180 үздік баяндама анықталды.

Секцияда 1200 мұғалімдері, 1200 мектепке дейін мекемелерінің педагогикалық қызметкерлері, 325  мектептен тыс  ұйымдарының педагогтары қатысты.