Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Неміс тілі мұғалімдері мен оқытушыларының Халықаралық конгресі
25-08-2017 03:12
Неміс тілі мұғалімдері мен оқытушыларының Халықаралық конгресі

Павлодар қаласының № 36 экологиялық бағыттағы ЖОМ мұғалімі, Қорлан Қабдұлловна Демеуова Алматы қаласы Гёте-институтының шақыруы бойынша неміс тілі мұғалімдері мен оқытушыларының XVI Халықаралық конгресіне қатысты және «Жобалы-бағдарланған сабақ» секциясында «Шуақты шатыр» баяндамасымен сөйледі.

Конгресте төрт жыл бойы мектепте жүзеге асырылып жүрген, экологиялық жобаны ұсынды. «Шуақты шатыр» жобасы өзіне қоршаған орта мен туған қала экологиясының мәселелерін қозғайтын іс-шаралар жинағын қосады. Мектепте мақсаты, энергия мен суды үнемдеу болып табылатын «Келешектің мектептік энергиясы» детективтік бюросы құрылды.

Конгресс қатысушылары бұл жобаның өзектілігін атап өтті және бұған қызығушылық танытты. Конгресс соңында заманауи тіл саясатына, тілді оқыту мен шетел тілін зерттеу тәжірибесіне талаптар мен ұсыныстар қалыптастырылған, резолюция қабылданды. Конгресс қатысушыларына сертификаттар берілді.

Конгресс әлемнің ең белсенді педагогтарын біріктірді, неміс тілінің әріптес-мұғалімдерімен тәжірибе алмасу үшін тамаша мүмкіндік болды. Конгресс бағдарламасы өзіне 36 секцияға бөлінген, 7 тақырыптық блокты қосты. Әлемнің 100 астам елінен 1700 астам мұғалімдері қатысты. Конгресс тақырыбы «Көпірлер салу - неміс тілімен біріктіру: адамзат-тіршілік әлемі-мәдениет». 2017 жылғы 31 шілдеден 2017 жылғы 4 тамыз күндері аралығында Фрибург швейцар қаласында болды.

Сондай-ақ, мәдени бағдарлама аясында конгресс қатысушыларының Бернск Альпісінде орналасқан, «Балленберг» ашық аспаны астындағы мұражайға баруға мүмкіндіктері болды.