ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Авторлық бағдарламаны қорғау бойынша облыстық конкурстың қорытындысы
31-08-2017 09:28
Авторлық бағдарламаны қорғау бойынша облыстық конкурстың қорытындысы

2017 жылғы 29 тамызда дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінде «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының облыстық кезеңі өткізілді. Конкурстың мақсаты - педагогикалық мамандықтың беделін арттыру, мұғалімдердің инновациялық-педагогикалық қызметін дамыту, кәсіби шеберліктерінің артуына ықпал ету.

Конкурсқа Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 33 ұстазы Іріктеу турына қатысып, 27 мұғалім түрлі пәндік салалар бойынша авторлық бағдарламаларын қорғауға өтті.

Бастауыш мектеп, тәрбие жұмысы және психологиялық қызмет бағыттары бойынша  І орынды № 96 балабақшаның ағылшын тілі мұғалімдері Аза Белановна Бесаева мен Наталья Александровна Бессонова, ІІ орынды № 34 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Елена Сергеевна Никитина, ІІІ орынды № 22 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Алтынай Нұрмағамбетқызы Жекеева, № 2 балалар көркемсурет мектебінің бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Елена Ивановна Юминова, № 28 ЖОМ ағылшын тілі мұғалімі Ольга Владимировна Ефименко иеленді. Балабақша мұғалімдері «Ағылшын тілінен жұмыс бағдарламасы» авторлық бағдарламасын ұсынды.

Ғылыми-жаратылыстану бағытындағы пәндер (химия, биология, география, экология) бойынша ІІ орынды № 17 ЖОМ география мұғалімі Марат Омарұлы Жакупов, № 28 ЖОМ химия мұғалімі Людмила Владимировна Жила, ІІІ орынды № 16 ЖОМ биология мұғалімі Елена Леонидовна Чайковкая, № 34 биология мұғалімі Виктория Викторовна Бедринец иеленді.

Физика-математикалық бағытындағы пәндер (математика, физика, информатика) бойынша ІІ орынды № 34 ЖОМ информатика мұғалімі Илья Олегович Поляков иеленді.

Қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер (тіл, әдебиет, тарих, құқық) бойынша ІІ орынды Кенжекөл ЖОМ тарих мұғалімі Гамал Қайыргелдіұлы Күлжанов, № 20 лицей - мектебінің тарих мұғалімі Ерлан Тоқтағылұлы Марзатаев иеленді.

Эстетикалық бағыты пәндері (бейнелеу өнері, музыка, дене шынықтыру, технология) бойынша ІІІ орынды  № 1 ЖОМ технология мұғалімі Татьяна Ивановна Перфильева, № 26 ЖОМ технология мұғалімі Надежда Александровна Стремцова иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 2017 жылғы қараша айында «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсының республикалық кезеңінде Павлодар облысын қорғайтын болады.