Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала мектептерінде жаңа оқу жылының басталуы туралы
02-09-2017 07:34
Қала мектептерінде жаңа оқу жылының басталуы туралы

2017 жылдың 2 қыркүйегінде Павлодар қаласының барлық мектептерінде «Мен – өз елімнің патриотымын» атты білім Күні өтті. Мектептердің салтанатты шараларында қалалық білім беру бөлімінің мамандары, педагогикалық еңбек ардагерлері, қалалық маслихат депутаттары, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық Партиясының өкілдері, меценаттар қатысты. № 16 мектеп-лицейінің оқушыларын, педагогикалық ұжымын, ата-аналарын жаңа оқу жылының басталуымен Н. К. Әшімбетов құттықтады.

2017 жылы білім беру жүйесінің даму бюджеті 1,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 2,5 есе көп. Қалада 3 ауысымды және авариялық мектептер жоқ. 20 мекемеде толық жөңдеу жұмыстары өткізілді, 20 мектепте мамандандырылған робот техникасы кабинеттері ашылды, мектептерде компьютерлік парк 316 компьютермен толықты, барлық мектептерде спорттық құрал-жабдықтар жаңартылды, 4 мектеп территориясында жасанды жабындысы бар футболдық алаңдарға жөңдеу жұмыстары мен орнатылулар өткізілді.

Қала мектептерінің контингенті жаңа оқу жылына шамамен 40,0 мың адамды құрайды, бұл былтырғы оқу жылымен салыстырғанда 2,0 мыңға жоғары.

Бірінші сыныпқа 5 мыңнан астам оқушы барады, оның ішінде № 9 мектеп-гимназиясының оқушысы Ажар Жоламан, № 17 ЖОМ оқушысы Тимур Танаш, Б.Момышұлы атындағы № 22 ЖОМ оқушылары Жәнел Каршыға, Тимур Нұрғалиев, № 28 ЖОМ оқушысы Кальтейс Ева қазақ, ағылшын, орыс – 3 тілді меңгерген.

№ 35 ЖОМ оқушысы Бурцева Эвелина, № 24 ЖОМ оқушысы - Аркелова Вероника өзге ұл өкілдерінің балалары, олар мемлекеттік тілде оқуға ниет білдірген.

Оқулықтармен жабдықталу 100 % құрайды. Жаңартылған бағдарлама шеңберінде 2, 5, 7 сыныптарға оқулықтар, 1, 2 сынып оқушыларына жұмыс дәптерлері, мектепке дейінгі даярлық үшін оқу-әдістемелік кешендер, кітапхананың кітап қорын толықтыру үшін мемлекеттік тілде көркем әдебиет кітаптары сатып алынды. Бөлінген бюджет сомасы - 488,7 млн. теңге.

2017 - 2018 оқу жылдарында 8 мектептің 8, 9 сынып оқушылары тәжірибе шеңберінде химия, физика және биология пәндерін ағылшын тілін қолдануымен оқиды. Аталған жобаны іске асыру үшін мектептер ағылшын тілі оқулықтарымен жабдықталған, «көптілді» сыныптарда сабақ жүргізгені үшін мұғалімдерге оқу жүктемесін ескермегенде 35,0 мың теңге ай сайын қосымша ақы бөлінеді.

5 мыңнан астам педагог қаланың білім беру ұйымдарында өз еңбек қызметін жалғастырады, оның ішінде мектептерде 3 мыңға жуық мұғалім бар. Жаңартылған бағдарламаларды еңгізу шеңберінде 730 педагог қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Жаңа оқу жылында педагогикалық жоғарғы оқу орындары мен колледждерден 130 түлек қала мектептеріне келді, солардың ішінде 26 маман ағылшын тілінен білімдері бар. Педагогикалық кадрлармен қамту 100% құрайды.