Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Сенің таңдауың - балаларға көмек
05-09-2017 03:59
Сенің таңдауың - балаларға көмек

«Мектепке жол» республикалық акциясы шеңберінде 2017 жылғы 1 тамыздан бастап Павлодар қаласының білім беру мекемелерінде балаларға жаңа оқу жылына дайындалу бойынша көмек беру үшін бір қатар қайырымдылық іс-шаралары іске асырылды. Осы жылғы акция «Сенің таңдауың - балаларға көмек» ұранымен өтіп жатыр.

Балалардың әлеуметтік жағдайларға байланысты мектепке келмеулерін болдырмау, күн көрісі төмен отбасы балаларына, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығысыз қалған балаларға көмек беру мақсатында, 2017 жылғы 25 - 28 тамыз аралығында «Баланы мектепке жинаймыз» акциясы өткізілді. Осы акция шеңберінде халықтың әлеуметтік қауқарсыз тобының балаларына кеңсе тауарлары, мектеп формасы, киім кешек және аяқ киім түрінде көмек берілді.

«Твори добро» акциясы бойынша оқу жылының басында халықтың қауқарсыз топтарынан шыққан, қалалық жалпы орта мектептерінің 30-дан астам орқушылары «Динара» сұлулық салонына барды, онда оларға тегін шаш қиу қызметтері ұсынылды. «Твори добро» акциясы 30 қыркүйекке дейін жалғасады және 10 астам оқушыларға жыл бойы салонда тегін қызмет көрсетіледі.

«Первый раз в первый класс» акциясы шеңберінде бірінші сыныпқа келген 50 балаға көмек берілді. Балаларға ішіне кеңсе тауарлары салынған арқаға асатын сөмкелер таратылды. Оқушыларды ішіне кеңсе тауарлары салынған арқаға асатын сөмкелермен қамтамасыз етуге «Канцелярская планета» фирмасы, «Народный банк Казахстана» АҚ, Павлодар қаласының добряктар клубы көмектесті.

2017 жылғы 25 - 30 тамыз аралығында «Ауыл балаларына - мектепке деген сыйлықтар» акциясы өткізілді. Акция шеңберінде Ленинский, Жетекші, Павлодарское, Кенжекөл ауылдарының балаларына көмек көрсетілді. Акцияны өткізуге «Квазар», «Манакбай» сауда үйлернің, жәрмеңке кешенінің жеке кәсіпкерлері белсенді қатысты және балаларға 6,0 млн. тенге сомасына мектеп киім-кешегін, аяқ киім және кеңсе тауарларын ұсынды.

1-тамыздан бастап көрсетілген көмектің жалпы сомасы 22,0 млн. теңгені құрайды, сондай ақ демеушілер есебінен 8,0 млн. теңге. Көмек алған балалар саны 3500 адамды құрайды.

«Мектепке жол» республикалық акциясы 30-қыркүйекке дейін жалғасатын болады.