ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қаланың мектептен тыс мекеме басшыларының жиналысы
06-09-2017 05:40
Қаланың мектептен  тыс  мекеме  басшыларының   жиналысы

№ 1  Балалар  музыкалық  мектебінде  2017  жылы  5  қыркүйекте  Павлодар қаласы  мектептен тыс  мекемелері басшыларының жиналысында  2016 - 2017  оқу жылында  қаланың  мектептен тыс мекемелері  педагогикалық қызметкерлерінің  аттестация  қорытындысы туралы, 2017 жылда оқушылардың жазғы демалысын және  бос уақытын ұйымдастыру  туралы  жаңа оқу жылында мектептен тыс мекемелердің  дайындығы   туралы мәселелер қарастырылды.

Павлодар қаласы  білім беру бөлімінің  басшысы Г. Ш. Қадырбаева БАҚ жұмысы, жылу кезеңіне дайындық,мекеме  ауласын  көгалдандыру мәселесі, балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын қамту мәселесі бойынша білім беру мекемелерімен жұмысты әрі қарай жалғастыруға  басшылардың  көңілін аударуды сұрады.

Жиналыс қорытындысы бойынша демалысты ұйымдастыру  бойынша қала мектептері мен «Балдаурен»  оқу-сауықтыру орталығы, мектептен  тыс  мекемелерінің  бірлескен  жұмысын ұйымдастыру, педагогикалық  кадрлардың  сапалы құрамын  көтеруді  бақылауды  күшейту  туралы, секция мен үйірмеге оқушылардың 100%  қатысуын қамту  туралы  кепілдеме   қабылданды.