Қаланың мектепке дейінгі мекемелерінің жетекшілер кеңесі
Павлодар қаласының мектепке дейінгі мекемелерінің жетекшілер кеңесі 2017 жылдың 5 қыркүйегінде № 11 ЖОМ-де өткізілді. Кеңесте мектепке дейінгі мекемелердің 2017 - 2018 жаңа оқу жылына дайындығы, балалардың балабақшаларда орынмен қамтамасыздандыру, 2017 - 2018 жылғы педагогикалық кадрлар аттестациясының талдауы бойынша сұрақтар талқыланды.
Кеңестің қорытындысы бойынша білім беру жетекшісі мектепке дейінгі мекемелердің алаңын дұрыстау, жылу беру кезеңіне дайындау, комуналдық жүйелерді қалпына келтіру, жаңа оқу бағдарламалары, методикалық, оқу-тәрбиелік үрдісін қадағалауды қолға алу және бұхаралық ақпарат көздерімен ары қарай жұмыс жасау тапсырмалары жүктелді.