ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Игілікті түлектер
08-09-2017 08:58
Игілікті түлектер

«Мектебіме тағзым» акциясы аясында Кенжекөл ЖОМ түлектері өз мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін көмек көрсетті.

2006 жылдың түлегі Ерғанат Сайдағалиұлы Үйсенбаев жаңа мектеп ғимаратының шатырын жөндеу үшін 1,5 млн. теңге көлемінде демеушілік қолдау жасады. Түлектер Әсел Ғалымқызы Бекина (2006 жылдың түлегі), Аяжан Тоқтарқызы Бексеитова (1998 жылдың), Қанат Тұрсынбайұлы Сүлейменов (1985 жылдың), Орынтай Зарлыканқызы Шалдыбаева (1984 жылдың), Ерлан Аглашевич Садуов (1986 жылдың), Сәуле Зарлыканқызы Шалдыбаева, Талп Зарлыканұлы Шалдыбаев (1985 жылдың) көмегімен робототехника мен шахмат кабинеттері ашылды.

Мектеп директоры Сандуғаш Зейнеллағабиденқызы Ақылжанова: «Мектепке көмек пен қолдау білдірген демеуші-түлектерге үлкен алғыс білдіреміз. Осы бастама өзге түлектерге үлгі боларлық. Себебі, болашақ ұрпақ бізге қарап бой түзейді, өз еліне деген, туған мектебіне деген сүйіспеншілікті қалыптастыра бастайды. Балаларымызды еліне, қоғамына пайдалы болуға тәрбиелей білейік», - деп белгіледі.