ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала мектептері түлектерінің ҰБТ дайындығы
11-09-2017 03:19
Қала мектептері түлектерінің ҰБТ дайындығы

Павлодар қаласы білім беру бөлімімен түлектерді Ұлттық біріңғай тестілеуге жоспарлы түрде дайындық жұмыстарын жүргізу басталды. 2017 жылдың 6-нан 12 қыркүйек аралығында Достық білім беру орталығымен қаланың жалпы орта білім беретін мектеп түлектері арасында сынақ тестілеу өтуде. Оқушылардың дайындық деңгейін сынау түлектердің Ұлттық біріңғай тестілеуге дайындықта көмек беру мақсатында өткізіліп жатыр.

Ұлттық біріңғай тестілеуді өткізетін пәндер бойынша сынақ тестілеуге қаланың 35 жалпы орта білім беретін мектептерінен 1100 оқушы қатысты.

Түлектердің ҰБТ дайындық деңгейін жоғарылату мақсатында одан ары қарай сынақ тестілеу өткізу (ай сайын), «Алтын белгі» белгісі мен аттестатының және үздік аттестатқа үміткерлерді қорытынды аттестаттау мен тестілеуге дайындау үшін кеңес сабақтары (апта сайын) жоспарлануда. Әдістемелік көмек көрсету мақсатында мұғалімдерге бейіндік пәндер бойыншасеминар-практикумдар өткізіледі.