Павлодар қаласы білім беру «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен ағымдағы жылғы 7 қыркүйекте№ 2 ЖОМ «Летний талисман» қалалық байқау-сайысының I-айналымының «Самый классный класс - 2018» қалалық байқау сайысының қортындылары шығарылды.Осы сайыстар балалар ұжымдарының шығармашылық өздігінен ұйымдастыру, өздігінен бақылау, шығармашылық жоба үрдісінде өнерлі балалардың ұжымдық өзара қарым қатынастарын дамытуға әсер етеді.
Жазғы демалыс уақытында сыныптар «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының жазғы жобаларына, қалалық іс-шараларға қатысты, мұражайларға, кинотеатрларға барды, ұжымдық жұмыстарға қатысты.Ең үздік жетістіктер «Летний талисман» атты шығармашылық сайыстың сынақ кітапшаларына енгізілді.
Қаланың 23 мектебінің 5 - 9 сыныптарынан 357 оқушы жоба қатысушылары болды. Сыныптар ұжымдарының орындауларында пайдаланылған, оқушылардың жазғы жобаларға қатысуларын ескергенде, мазмұнды және қызықты материалдар үшін, № 1, 2, 4, 11, 22, 28, 29, 33, 34, 39 ЖОМ сыныптық ұжымдары үздік боп танылды.