Павлодар оқушысының жетістігі
ХVІІІ республикалық «Абай оқулары» конкурсына облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасынан Павлодар облысынан 4 оқушы қатысты, оның ішінде Павлодар қаласы № 25 ЖОМ 8-сынып оқушысы Тусупбекова Дамира, № 37 ЖОМ 8-сынып оқушысы Сушенова Томирис. Жалпы орта білім беру ұйымдарының 5 - 11сынып оқушылары арасындағы конкурс Семей қаласының Абай-Шәкәрім атындағы мемориалды кешенінде 2017 жылғы 10 - 14 қыркүйек аралығында өтті.
Конкурс қорытындысы бойынша «Көңілім әнді ұғады» бағыты бойынша ІІ дәрежелі дипломымен Павлодар қаласы № 37 ЖОМ оқушысы Сушенова Томирис марапатталды.
Барлық оқушыларға белсенді қатысқаны үшін бағалы сыйлықтар мен сертификаттар табысталды.