Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Спорт шеберлігінің қайнауында
15-09-2017 05:22
Спорт шеберлігінің қайнауында

Судағы спорт түрі бойынша ІХ Азия чемпионаты,2017 жылғы қыркүйектің 7-нен 11-не дейінгі аралықта Ташкент қаласында өткізілді. Қазақстанның Ұлттық құрамына енген мықты жүзушілер қатарында, Павлодар қаласының  дене шынықтыру-сауықтыру бағытындағы № 41 ЖОМ-ның 11 сынып оқушысы Ляйрих Диана жарысқа қатысты. Қазақстанның команда құрамына 130-дан астам спортшы енді.

Олимпиада ойынның бағдарламасына келесі түрлер енді: жүзу, үйлесімді жүзу, су полосы мен суға секіру. Жеңіс үшін әлемнің 26 мемлекетінен келген мыңдаған спортшы күресті.

Жарыстың қорытындысы бойынша Диана, эстафеталық жүзуде 4х200еркін малту түрінде  және эстафеталық жүзуде 4х100 еркін малту түрінде ІІІ орынға ие болды. Диана 6 жасынан бастап жүзумен шұғылданады, 2015 жылы Ақтөбе қаласында өткен Қазақстан Республикасының жүзу бойынша ашық кубогының алтын және күміс жүлдегері, 2015 жылы Павлодар қаласында өткен жүзу бойынша облыс чемпионатының қола жүлдегері, 2016 жылы Өскемен қаласында өткен жүзу бойынша Республика біріншілігінің күміс жүлдегері, 2017 жылы Ашхабад қаласында өткен Орталық-Азия ойындарының күміс жүлдегері болып табылады.