ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ерікті мектеп клубтарының слеті
19-09-2017 09:08
Ерікті мектеп клубтарының слеті

Алғашқы облыстық слетте қалалық және аудандық конкурстың жеңімпаздары мен мамандандырылған мектептердің 20 «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары қатысты. Солардың қатарында Павлодар қаласы 9 мектептерінің клубтары да өз өнерлерін ортаға салды. Слёт 2017 жылғы 18 қыркүйекте М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында өтті.

Іс-шараның ұйымдастырушылары Павлодар облысы білім беру басқармасы және ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті болып табылады.

Аталмыш іс-шараның мақсаты балалар мен жасөспірімдердің жоғары рухани, жауапты, бастамашыл және әлеуметтік құзыретті азамат етіп тәрбиелеу, өз елінің патриоты болуға баулу.

Конкурс төрт кезеңдерді қамтыды: үгіт бригадаларының конкурсы, «Оқушыларды жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу» буклеттер мен ескертулерді қорғау конкурсы, «Сыбайлас жемқорлыққа STOP!» үздік бейнеролигінің конкурсы. Клуб капитандары «Білім саласында жемқорлық болуы мүмкін бе?» атты сөз шеберлігі конкурсында бақ сынасты.

Ең үздік бейнебаянды аталған номинацияда III орынды № 36 ЖОМ иеленді. «Оқушыларды жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу» буклеттер (ескертулер) сайысында № 17 ЖОМ жеңіске жетті. II орынды Павлодар қаласының № 25 ЖОМ командасы иеленді. Сөз шеберлігі сайысында III орынды қазылар алқасы № 17 ЖОМ командасының капитаны Ярослав Миронов лайық деп шешті.

Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды. Слет-сайысында 212 оқушылар қатысты. Іс-шарада 200 астам көрермен болды.