2017 жылдың 20 қыркүйегінде «Оқушылардың спортпен шұғылдануын дамыту және нашақорлыққа қарсы күресу» атты республикалық акция аясында № 25 ЖОМ қабырғасындаүстел теннисі, футбол, баскетбол бойынша жарыстар өтті. Жарысқа № 25, 24, 42 мектептерінен 60 оқушы қатысты.
Сайыс нәтижесі бойынша футболдан І орынды № 42 ЖОМ, ІІ орынды № 25 ЖОМ, ІІІ орынды № 24 ЖОМ оқушылары иеленсе, баскетболдан І орынды № 25 ЖОМ, ІІ орынды № 24 ЖОМ, ІІІ орынды № 42 ЖОМ оқушылары иеленді. Үстел теннисінен жүлделі орындарды № 25 ЖОМ оқушылары алды.
«Республика көлемінде өткізіліп жатқан «Оқушылардың спортпен шұғылдануын дамыту және нашақорлыққа қарсы күресу» атты акция елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауының басты бір бағыты болып табылады. Оқушылардың дені сау, жан-жақты дамыған азамат болып ер жетуіне педагог жауапты болады», - деп, мектеп директорының міндетін атқарушы Гульзат Нурсапиновна Ахметжанова атап өтті.