Балгариядағы «Нова Загор - 2017 жылғы» XIX Мемлекеттік жастар көрмесінде Европа, Латын Америка, Азияның 36 мемлекеттінен 3 мыңнан астам 4 - 20 жастағы жас суретшілері қатысты. Көрмеге Павлодар қаласының № 2 Балалар көркемсурет мектебінен 15 оқушының жұмысы жіберілді.
Қазылар алқасы сайыс қорытындысы бойынша 500-ден астам ең жақсы жұмыстарды анықтады, оның ішінде көркемсурет мектебінің екі оқушысының жұмысы болды. 2017 жылы 1 маусым - 6 шілде айында Нова Загора қаласындағы Руси Карабиберова көркемсурет галереясында өткен, балалар туындылары қорытынды көрме экспозициясына кірді.
2017 жылы қыркүйек айында мектеп Балгариядан дипломдар алды. Сайыс лауреаттары 8 жастағы Айдар Айтимов және 8 жастағы Ева Москалец атанды. Көрмеге Айдардың (түрлі-түсті сия, балауыз май ) аралас техникасы бойынша орындалған «Бұғы-қыс», Еваның фломастермен салынған «Түнгі күзетші», суреттері ұсынылды. Мектепте олар жеті жастан шұғылданады, Мемлекеттік сайыста бірінші рет қатысуда. Оқушылардың сынып жетекшілері Шайкенова Жанар Ержанқызы және Пернебаева Сауле Бейбітханқызы.