Павлодар каласы № 2 Балалар көркемсурет мектебінде жаңа оқу жылына бірінші рет мектеп табалдырығын аттаған бірінші сынып оқушыларына арналған жорық өткізілді. Дәстүр бойынша бұл іс-шара негізгі мектеп оқушыларымен Усолканың тоғайындағы қайындардың әдемі бұрышында өтті.
Мектеп дәстүрін сақтау үшін, бірінші сынып оқушылары жақсы суретші болу жарысын үлкен жолдастарынан салтанатты түрде қабылдады. Мектеп оқушыларына ағаштан құлаған жапырақтар және алтын күздің бірінші күндерінің әдемі табиғат көріңісінде бұл мереке демалыс күніне айналады. Оқушылар күзгі гүл шоқтарын өздерінің болашақ қойылымдарына жинады, сыныптар арасында әр түрлі ойындарға қатысты, шығармашылық тапсырмалар бойынша сайыстар өткізді және бір бірімен араласты. Мерекеде балалар мен ұстаздар энергия және шығармашылық қуатын алды.