ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Үш тілде оқыту
28-09-2017 03:08
Үш тілде оқыту

Павлодар қаласы білім беру бөлімі үш тілде оқыту бағдарламасын жүзеге асыру мен енгізу бойынша жұмысты жоспарға сай жүргізуде. Бүгінде қаланың 32 мектебінде пилоттық режімде жаратылыстану-математикалық бағыттағы таңдаулы пәндерді (химия, биология, физика, информатика) ағылшын тілін қолдану арқылы оқыту енгізіліп жатыр.

94 мұғалім курстық қайта даярлықтан өтті. Үш тілдегі оқумен 2,5 мыңнан астам оқушы қамтылған. Пилоттық енгізу басталған 6 мектептің (№ 4, 17, 25, 36, 39, 42) 8 - 9 сыныптарының оқушылары үшінхимия, биология, физика, информатика пәндерінен оқулықтар алынды.

Үш тілде оқытуды енгізуге дайындалу шеңберінде, экспериментке қосылған, қала мектептерінің желісін бұдан әрі дамыту жоспарланды. Бүгінгі күні жаңарту бойынша 146 мұғалім ағылшын тілінде және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқыту бойынша 10 айлық курстан өтуде, осылайша алдағы 2018 - 2019 оқу жылында ағылшын тілінде оқитын сыныптар санынын артуына үлкен ықпал береді.