Облыстық Президенттік олимпиаданың қорытындысы
2017 жылғы 28 қыркүйек күні Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты негізінде өткізілген Х Президенттік олимпиаданың І өңірлік кезеңіне жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша облысымыздың 59 мектептерінен 11 сынып оқушылары арасынан 118 оқушы қатысты.
Жеңімпаздар 4 пәннен жинаған ұпайларын қосу арқылы анықталды.
Республикалық олимпиаданың 2 іріктеу кезеңіне аймақтық кезеңінің 20 жеңімпазы қатысады, оның ішінде Павлодар қаласының №16, 12 ЖОМ Шупенев Артем, Сагиден Нариман оқушылары.
2017 жылдың 18 қазан күні республикамыздың барлық аймақтарында бір мезгілде Интерактивті студиясының желісі арқылы Х Президенттік олимпиаданың 2 іріктеу кезеңі өткізіледі.