ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балдәуренде педагогикалық еңбек ардагерлерімен кездесу
02-10-2017 10:47
Балдәуренде педагогикалық еңбек ардагерлерімен кездесу

2017 жылдың 30 қыркүйегінде Мұғалімдер күні қарсаңында облыс білім беру басқармасының басшысы Б. М. Бексеитова педагогикалық еңбек ардагерлерімен кездесті.

Қонақтармен кездесу барысында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Балдәурен» оқу-сауықтыру Орталығының оқу-материалдық базасы таныстырылды. Сөз сөйлеуі кезінде білім беру басқармасының басшысы ардагерлерді облыс бойынша білім саласындағы жетістіктер, мектептердегі шахмат пен робототехника кабинеттерінің ашылуы туралы, жаңа стандарттар мен жаңартылған оқу мазмұндары туралы атап өтті. «Балдәурен» - 2017 жылдың тамыз айында ашылған, бұл оқу-тәрбие және сауықтыру шараларын ұйымдастыру бойынша облыстың бірінші қалалық қосымша білім беру орталығы, сондай-ақ балалардың облыстық және қалалық мәдени-көпшілік, ғылыми-практикалық іс-шаралар өткізілетін орны. Орталықтың қызметі оқу озаттарына, зияткерлік, шығармашылық және спорттық іс-шаралардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, сондай-ақ аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жыл бойы жоспарланған.

Балалардың оқуы мен тұруына қолайлы жағдайлар қарастырылған. Интернетке қосылған шахмат, робот техникасы кабинеттерімен, компьютерлік сыныптармен, изо-студиямен, шаштараз және тігін шеберханасымен, музыкалық қонақжайымен, данакітаптары барқазіргі заманғы кітапханамен басқа да оқу кабинеттерімен жабдықталған. Жатын корпустары, сондай-ақ бөлмелерінде қажетті жиһазбен, ОТАУ ТВ спутниктік арнасына қосылған теледидар орнатылған демалыс аймақтары қамтылған. «Балдәурен» профилактикалық және сауықтыру кешенінің іс-шаралары: массаж, оттегі коктейльдері, ингаляция жүргiзу үшін жабдық қолданылады, биотрондар, спортпен айналысу үшін: тренажер және хореографиялық зал, көшедегі спорттық тренажерлар, алтыбақан. Ұлттық нақыштағы «Қымызхана» киіз үйіне барды.

Ардагерлерге дайындалған «Көгілдір от» концерттік шарасында қонақтарға қалалық білім беру жүйесінің дамуына қосқан еңбектері үшін алғыс айтылып, № 1 Балалар музыкалық мектебінің, Павлодар қаласы «Жігер» Балалар жасөспірімдер клубының оқытушылары дайындаған концерттік нөмірлер ұсынылды.