ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ұстаздар күніне арналған, мерекелік концерт
03-10-2017 03:30
Ұстаздар күніне арналған, мерекелік концерт

Кәсіби мереке қарсаңында Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебі даналық, білім, үздіксіз шығармашылық еңбек мерексіне арналған мерекелік кешке барлық келем деушілерге өз есігін айқара ашты.

Мектеп педагогтары мен тәрбиеленушілерінің көрсеткен өнерлері барлық көрермендерге арналған музыкалық тарту болды: «Серпін» домбырашылар ансамблі, жетекшісі Гаухар Арғынқызы Әбжанова, гитаристер триосы (Иван Вячеславович Кузякин, Евгений Николаевич Сазонов, Павел Иванович Генне), педагогтардың вокалдық дуэті «Мұғалімдер күнімен» әнімен Зәмзәгүл Жеңісқызы Бегалина және Константин Сергеевич Макаров, фортепианалық дуэт Дмитрий Станиславович Масленников және Гаухар Мәкенқызы Қасқырбаева. Баянда орындаған мектеп педагогы Олег Михайлович Михайленконың Б. Мокроусовтың «Одинокая гармонь» туындысы өте әсерлі шықты. Эстетикалық даму тобының тәрбиеленушілері, ең жас әртістері «Матрешки» әнін шаттана орындады, жетекшісі Юлия Вадимовна Захарчук, олардың ашық костюмдері, сондай-ақ атақты «Тень твоей улыбки», «Караван» туындылары «Back beat» педагогикалық джаз-бэндінің әсерлі қойылымдары мерекені жандандыра түсті.

Концерт мектеп педагогы Хантемир Азатович Фидависов және концерттік бағдарлама қатысушыларының орындауындағы мұғалімдерге арналған «Ұстазым» мерекелік әнұранмен аяқталды.