ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас жүзушінің алтын медалі
04-10-2017 04:11
Жас жүзушінің алтын медалі

Мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасындағы V республикалық спартакиада 2017 жылғы қыркүйектің 15-нен 24-не дейінгі аралықта Атырау қ. өтті. Жарысқа Қазақстанның 14 өңірінен, Астана мен Алматы қалаларынан 1500 спортшы 11 спорт түрінен қатысты. Тірек-қимыл жүйесі зақымдалған жандар арасында: жеңіл атлетика, үстел теннисі, пауэрлифтиг, жүзу, тоғызқұмалақ, көру қабілеті зақымдалған жандар арасында: дойбы, шахматтар, жеңіл атлетика, жүзу, оқпен ату және тоғызқұмалақ ұйымдастырылды.

Республикалық біріншілікте біздің облыстың намысын барлық спартакиада түрінен 50-ге жуық спортшы қорғады. Команда құрамында паралимпийц-спортшылар арасында № 41 дене шынықтыру-сауықтыру бағытындағы мектептің 6 сынып оқушысы Щепов Иван да болды. Иван 100 метр қашықтығына бросс түрінде жүзуден керемет нәтиже көрсетті, 100 және 400 метр қашықтығына еркін жүзу стильі бойынша күміс жүлдегері атанды. Ол ең жас және болашағы бар спортшы ретінде  алтын медальмен марапатталған болатын, бапкері Морозов Артем Алексанрович шеберлігі мен спортшыны даярлағаны үшін алтын медальмен марапатталды.