Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыстық Мұқағали Мақатаев оқуларының қортындысы
09-10-2017 10:21
Облыстық Мұқағали Мақатаев оқуларының қортындысы

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде 2017 жылғы 6-шы қазанында ХІІ республикалық «Мұқағали Мақатаев оқулары» конкурсының облыстық кезеңі өтті. Конкурсқа облыстық оқу орындарынан 14 оқушы қатысты.

Оқулардың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарында Павлодар қаласы № 40 жалпы орта білім беру мектебінің 11 сынып оқушысы Арман Жансая ІІ дәрежелі дипломға ие болды. Ол сайыста «Райымбек, Райымбек» поэмасын және өзінің «Тау ұлына» өлеңін жатқа оқыды. Жансая 2017 жылғы қалалық М. Мақатаев, М. Ж. Көпейұлы оқуларының жеңімпазы. Өзі шығарған өлеңдерін республикалық және облыстық басылымдарға жариялайды. Ол 2016 жылғы «Жас журналистер» сайысының жеңімпазы. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Тілеуғабыл Жұлдыз Саятқызы.

«Менің пірім - Мұқағали» атты жыр бөлімінде оқушылар ақын өлеңдерін жатқа оқыды. «Жауқазын жыр жанымды жүр мазалап» бөлімінде жас ақындар өз туындыларымен таныстырды. «Жыр эстафетасында»  қатысушылар ақынның «Аққулар ұйықтағанда» және «Райымбек, Райымбек» поэмаларын мәнеріне келтіре отырып жатқа оқыды. Сайыстың төртінші бөлімінде берілген ұйқасты пайдалана отырып, тұжырымды, түйінді шумақтарды қолма-қол шығарып, шабытты жырларын ұсынды. «Өлеңмен өрілген ой» бөлімінде берілген өлең құрылысына қарай талдау жасады. «Мұқағали мұрасын кім көп біледі» бөлімінде балалар минуттың ішінде ақын өмірі мен шығармашылығынан қаншалықты деңгейде хабардар екендігін анықтайтын 10 сұраққа жауап берді.