Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша эстафета
10-10-2017 04:51
Әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша  эстафета

2017 жылдың 7 қазанында Павлодар облысы білім беру басқармасының аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығы мен Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әскери-патриоттық жұмысы бойынша жоспарына сәйкес Кенжекөл ЖОМ-да Қорғаныс кубогінеарналған әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша  эстафета  өтті. Ақтық сайысқа қала мектептерінен 13 команда қатысты. Жарысқа сондай-ақ облыстың басқа мектептерінен де командалар шақырту алды.

Кедергілер алабында жоғары сынып оқушылары өздерінің батылдықтарын, ер-жүректіліктерін, шыдамдылықтарын, мергенділіктерін, жылдамдықтарын, тапқырлықтары мен ептіліктерін көрсетті. Жарысқа қатысқан әр оқушы өзінің күшін аямады, бірінші орынға ие болу үшін рухтанып тұрды! Жарыс көрермендері де қатысушыларға дем беріп, оларға қолдау жасады.

Қажырлы күрес барысында жеңіске Кенжекөл мектебінің құрамасы жетті, жетекшісі АӘД оқытушы-ұйымдастырушы Т. А. Тайкебаев, ІІ орынды № 21 ЖОМ оқушылары иеленді, оқытушы-жетекші Б. А. Сыздыков, ІІІ орын № 43 ЖОМ оқушыларының еншісінде кетті (оқытушы С. И. Щетинин).

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері медаль мен грамоталармен марапатталды. Әскери-спорттық жарыстың демеушісі Павлодар облысы бойынша Ауған әскер-интернационалистерінің жетекшісі Б. Н. Майкотов болды.